2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысы


      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Демалыс күндері:

      2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге;

      2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев