"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 920 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

6
 

Мемлекеттік қаржы саласындағы ақпарат
тық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сүйемелдеу, әкімшілендіру, пайдалану және оларға техникалық қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер
 

Қазақстан Респуб
ликасының
Қаржы министрлігі
 

"Электрондық коммерция орталығы" ЖШС
 

001 "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы
іс-қимыл жөніндегі қызметтер",
104 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету"
 

584708
 

            ".
 

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев