2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмді iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының құзыретт

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 882 қаулысы.

      2002 жылғы 7 қазанда Кишиневте жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң (бұдан әрі – Келісім) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.12.2024 № 1069 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев