"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 833 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "2016 жыл" деген бағанда:
      "III. Нысаналы даму трансферттері" деген бөлімде:
      "Көлiк және коммуникация" деген 12-функционалдық топта:
      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" әкімшісі бойынша:
      091 "Ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыру" бағдарламасында:
      103 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" кіші бағдарламасында:
      мына:
      "
 



Астана қаласы
 

24 183 481
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 



Астана қаласы
 

23 083 481
 

      ";
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "
 



Жамбыл облысы
 

1 100 000
 

      ".
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев