"Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 782 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:

      "Облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)" деген 3-бағанда:

      "Қостанай" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "77" деген сандар "78" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев