Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 761 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері үшін шекаралық, кедендік (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 761 қаулысымен
бекітілген

Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері үшін шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері үшін шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері үшін шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өту тәртібін белгілейді.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық әуе кемелеріне қолданылады.

      2. Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері (бұдан әрі – әуе кемелері) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өткен кезде шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпейді.

      Көрсетілген кемелерге қатысты Шекара қызметінің лауазымды адамдары Заңның 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес бақылауды жүзеге асырады

      3. Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшулары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған әуе кемелері тасымалдайтын жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес әкелінеді.

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптары сақтала отырып әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының су кеңістігіне өткізу кедендік бақылаусыз жүзеге асырылады.

      Әуе кемелері тасымалдайтын жолаушылар әуе кемесін пайдаланушы – әуе кемесін басқаратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік ұсынған жолаушылар тізіміне сәйкес бақылаудан өтеді, оған Шекара қызметінің лауазымды адамы бақылаудан өткені туралы белгі қояды.

      5. Әуе кемесі құрлықтық қайраң үстіндегі әуе кеңістігіне ұшып шығар алдында, бірақ он екі сағаттан кешіктірмей, әуе кемесінің Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы үстіндегі әуе кеңістігіне ұшып шығуын жоспарлайтын әуе кемесін пайдаланушы – әуе кемесін басқаратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) жауапкершілік учаскесінде орналасу пункті орналасқан Шекара қызметінің әскери бөліміне әуе кемесінің ұшып шығуға әзірлігі туралы кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді.

      Жоспарланған ұшып шығу тоқтатылған жағдайда әуе кемесін пайдаланушы – әуе кемесін басқаратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) жауапкершілік учаскесінде орналасу пункті орналасқан Шекара қызметінің әскери бөліміне ұшып шығу болжанған уақытқа дейін кемінде төрт сағат қалғанда кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді.

      6. Әуе кемелерінің құрлықтық қайраң үстіндегі әуе кеңестігіне ұшып шығуы Шекара қызметінің лауазымды адамдары әуе кемесінде бақылау жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Рұқсатқа сәйкес құрлықтық қайраң үстіндегі әуе кеңістігінде болған кезде мынадай талаптар сақталады:

      1) әуе кемесінің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде, әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) ақау себептері туралы әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен Шекара қызметінің әскери бөліміне және әуе қозғалысын басқару органдарына хабарлайды.

      Әуе кемесінің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдарының істен шығуына алып келген себептерді жою мүмкін болмаған жағдайда әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен Шекара қызметінің әскери бөлімін, әуе қозғалысын басқару органдарын хабардар етіп, ақауды жою үшін орналасу пунктіне оралады;

      2) Шекара қызметі лауазымды адамдарының талабы бойынша әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) кеменің тұрған жеріне қатысты ақпаратты және кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне байланысты басқа да қажетті ақпаратты ұсынады.

      8. Әуе кемесі орналасу пунктіне келер алдында төрт сағаттан кешіктірмей, әуе кемесін басқаратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) бұл туралы жауапкершілік учаскесінде орналасу пункті орналасқан Шекара қызметінің әскери бөліміне кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді.

      9. Әуе кемесі экипажы мүшелерінің, адамдардың түсуі, кез келген жүктер мен тауарларды түсіру (тиеу) Шекара қызметінің лауазымды адамдары бақылауды аяқтаған соң жүзеге асырылады.