Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. 2013 жылғы 24 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, енімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.
7. 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2000 жылғы 20 маусымда жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы өнім:
1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;
4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.».
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақшалай қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев