Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 714 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 530-құжат).
      2. «Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 554-құжат).
      3. «Теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 556-құжат).
      4. «Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 616-құжат).
      5. «Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 625-құжат).
      6. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 632-құжат).
      7. «Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 47 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 224-құжат).
      8. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1032-құжат).