Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 686 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері таратылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 686 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын республикалық
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің КА-168/4 мекемесі".

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УГ-157/10 мекемесі".

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/13 мекемесі".

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/21 мекемесі".

      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ГМ-172/1 мекемесі".

      6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/19 мекемесі".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 686 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      "Орталық аппараттың функциялары" деген 16-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 95-46), 95-47) және 95-48) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-46) Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      "95-47) Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      "95-48) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімде реттік нөмірі 12, 20, 24, 45, 53, 88-жолдар алып тасталсын.

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      1-бөлімде:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

87802,5**


      ";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің қылмыстық жазаны орындайтын мекемелері мен органдары

14969


      ";

      41) тармақша алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.