Республикалық меншіктің кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 675 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҰМҒТСО" АҚ) оған "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "ҰМҒТСО" АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелерін ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу, орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін (есептерін) бағалау, жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру, қазақстандық және шетелдік сарапшылар құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың деректер банктерін қалыптастыру, өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігiнің Ғылым комитетіне "ҰМҒТСО" АҚ мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 7 қарашадағы
№ 675 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-130-жол алып тасталсын;

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-141-жол алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-147-жолмен толықтырылсын:

      "123-147. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-39-5-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-7-жолмен толықтырылсын:

      "222-39-7. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ;

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-41-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген 3-бөлімде:

      реттік нөмірі 26-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:

      "28. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.11.2023 № 1022 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында:

      42-қосымшада:

      көрсетiлген қаулымен бекітілген 2016 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:

      реттiк нөмiрi 18-жолда:

      "Мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты заңды тұлғаның атауы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ".