Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 661 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 123-97-жол алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 189 қбпү қаулысында:
2-тармақ алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.