"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 599 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Қаржыландыру тетіктері мен шарттары» деген бөлімде:
      «1. Отандық автоөндірушілерді қолдау» деген тарауда:
      «Отандық өндірістің автомобильдерін деген сатып алушыларды  - түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеңіл автокөліктің 1 бірлігінің құны 15 000 000 теңгеден аспайды;
      2) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      «ЕДБ арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру қаражатын мониторингтеу» деген кіші бөлімде:
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «КДБ» АҚ ЕДБ ұсынған деректердің мынадай шарттарға сәйкес келуі тұрғысынан тексереді: автомобильдің 1 (бір) бірлігінің ең жоғары құны, сыйақы мөлшерлемесі, кредит беру мерзімі және ескертулер болмаған жағдайда, ҚР ҰБ-ға тиісті хат жібереді.»;
      «4. Отандық экспорттаушыларды қолдау» деген тарауда:
      «Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде тікелей кредит беру, негізделген және лизингтік қаржыландыру» деген кіші бөлімде:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – «ҚДБ» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес есептелген, бірақ жылдық 12,5%-дан аспайды;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   Б.Сағынтаев