"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қазандағы № 579 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 899 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.";

      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:

      7-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев