Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 551 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі!
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2016 жылғы 29 қыркүйектегі


№ 551қаулысымен


бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):
      19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-1. Комиссиялардың/жұмыс топтарының дауыс беру парақтары қоса берілген материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды:
      1) комиссияны/жұмыс тобын мемлекеттік органның лауазымды адамы басқарған жағдайда – комиссияның/жұмыс тобының жұмыс органы;
      2) комиссияны/жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басқарған жағдайда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.".
      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
      мына:
 

"Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы
 


 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға"
 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 

"Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
 


 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға".
 


            3. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      мына:
 

"Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы
 


 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
 

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
 


 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары"
 

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 

"Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
 


 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
 

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы
 


 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары".