Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 528 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекiтiлсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 528 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген 4-бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы топ – осы Жоспарға қосымшаға сәйкес жобаларын өңдеу өнеркәсібінде іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ШОК субъектілері.»;
      алтыншы бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) негізгі құралдардың түпкілікті қарыз алушылар үшін жаңаларын (яғни түпкілікті қарыз алушылар алғаш пайдаланатын) сатып алу, құру және жаңғырту;».
      2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нысаналы топ – бірінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ШОКС.»;
      «Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нысаналы топ – екінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ІКС.».
      3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 71-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нысаналы топ – бірінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ШОКС.»;
      «Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нысаналы топ – екінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ІКС.».