Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік органдарға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерiне;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов