Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 487 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 44-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Мыналардың:
      1) "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3913, 2015 жылғы 13 мамырдағы № 53 (17142) "Дидар", 2015 жылғы 14 мамырдағы № 55 (19654) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының;
      2) "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3906, 2015 жылғы 18 мамырдағы № 55 (17144), 2015 жылғы 20 мамырдағы № 56 (17145) "Дидар", 2015 жылғы 16 мамырдағы № 55 (19654) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының;
      3) "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3879, 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 44 (17133) "Дидар", 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 45 (19644) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күні заңды күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов