Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 және "Қазақстан Рес

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 475 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 120 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 11 маусымда № 4521 тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымда № 24 "Ауыл тынысы" және № 24 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов