"Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 433 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "АтМГУ" КЕАҚ) құрылсын.

      2. "АтМГУ" КЕАҚ қызметінің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып айқындалсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "АтМГУ" КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Атырау мұнай және газ институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АМГИ" ШЖҚ РМК) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен жүзеге асырылсын;

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "АтМГУ" КЕАҚ жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) "АтМГУ" КЕАҚ атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және "АтМГУ" КЕАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;

      3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне "АтМГУ" КЕАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

      4) осы қаулының 3-тармағынан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. "АМГИ" ШЖҚ РМК заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет жүз пайыз қатысатын "Атырау мұнай және газ институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "АтМГИ" АҚ) болып қайта құрылсын.

      6. "АтМГИ" АҚ қызметінің негізгі мәні жоғары қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып айқындалсын.

      7. Комитет Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "АтМГИ" АҚ жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) "АтМГИ" АҚ атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және "АтМГИ" АҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;

      3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне "АтМГИ" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының 1, 3, 4, 5 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен "АтМГУ" КЕАҚ оған "АтМГИ" АҚ-ны қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      9. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 433 қаулысына
қосымша

"Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қалыптастыру үшін берілетін мүліктің тізбесі

Р/с №

Жылжымайтын мүлік түрі

Жылжымайтын мүліктің жалпы ауданы, шаршы м.

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің ауданы, гектар

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Орналасқан жері

1.

Оқу корпусы

1958,9

04:066:017:405:7/3

4,4724

04:066:017:405

Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Баймұқанов, көшесі, 45а

2.

Спорт кешені

2067,2

04:066:017:405:9/К

3.

Оқу корпусы

3321,2

04:066:017:405:2/Б

4.

Ғимарат

4030,5

04:066:017:405:5/Е

5.

Оқу корпусы

6345,2

04:066:017:405:1/А

6.

Жатақхана

3338,6

04:066:017:405:3/В

7.

Студенттер сарайы

2528,3

04:066:017:405:8/И

8.

Кітапхана

2478,6

04:066:017:405:16/С

9.

Оқу корпусы

6368,2

04:066:025:247:1/А

1,013

04:066:025:247


Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 1

10.

Зал

669

04:066:025:247:1/А2

0,0024

04:066:025:408

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 433 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Атырау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-5-жолмен толықтырылсын:

      "145-5. "Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-15-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-15. "Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.