"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 375 қаулысы

     2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. «2016 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 49-1 және 49-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

49-1

Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық және консервациялық жұмыстар жүргізу

Жаңғырту және реставрациялау арқылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

«Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК

033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру»

382 278

49-2

Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу

Қорық-мұражайларды қалпына келтіру жолдарын анықтайтын бас жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру,
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген объектілер аумағының шекарасын, қорғау аймағын айқындау және деректер базасын құру.
«Ұлы Жібек жолы» сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін мәдени мұра объектілерінің ғылыми құжаттамасын дайындау

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

«Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК

033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру»

30039

».

       2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов