"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 343 қаулысы


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті, валюталық реттеу мен бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.";

      4-тармақта:

      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады.";

      он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) Өкілдік басшысы жүзеге асырады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;

      2) мемлекеттік қарыз алу саясатын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттің ақша-кредит саясатына байланысты мәселелер бойынша бюджет саясатын қалыптастыру кезінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын қарайды;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік борышын өтеудің ай сайынғы көлемін, оның банк жүйесінің өтімділігіне ықпал етуін және ақша-кредит саясатының басымдықтарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру үшін қаржы ұйымдарына рұқсат ету талаптарын келіседі;

      4) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеуді жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;

      6) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және олармен келісу бойынша басқа да мемлекеттік органдардың банкі, қаржы кеңесшісі, агенті функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін өзге де қызметтерді көрсетеді;

      8) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;

      10) Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;

      13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;

      14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу бойынша бүкіл операциялардың есебін жүргізеді;

      15) шетел валютасын сатып алады және сатады;

      16) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың қажетті санын айқындайды және олардың жасалуын қамтамасыз етеді;

      17) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталар шығарудың, олардың айналысын ұйымдастырудың және айналыстан алудың айрықша құқығына ие болады.

      Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталарды айналысқа шығаруды оларды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы жүзеге асырады;

      18) Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртібін айқындайды;

      19) бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртібін белгілейді;

      20) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;

      21) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын белгілейді, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады;

      22) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, олардың күшін жояды және пайдаланылуын айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтары мен банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының кодтарын береді және күшін жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

      23) өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражатын орналастырады, Үкіметтің шоттары бойынша төлемдер жүргізеді және өзге де операцияларды жүзеге асырады;

      24) бірыңғай қазынашылық шот, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазынашылық комитетінің шетел валютасындағы шоттарын ашады және жүргізеді;

      25) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;

      26) банкаралық ақша аударымы жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;

      27) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:

      төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады;

      төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексереді;

      төлем жүйелеріне қатысушылардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алады;

      28) халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысады;

      29) ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді, реттейді;

      30) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін, ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың қағидалары мен ерекшеліктерін, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын белгілейді;

      31) банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен талаптарын белгілейді;

      32) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің және ақша төлемдері мен аударымдарының жүзеге асырылуының тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      33) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерін және аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектілігін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша белгілейді;

      34) ақша төлемдері мен аударымдары мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, талаптарды), оның ішінде ақша төлемдері мен аударымдары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын қабылдайды;

      35) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын конвертациялау және реконвертациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін белгілейді;

      36) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін белгілейді;

      37) резиденттердің және бейрезиденттердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, оның ішінде валюталық реттеу режимдерін белгілейді;

      38) резиденттердің репатриация талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай қағидалары мен талаптарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ шекті мәні асып кеткен жағдайда келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін мәміле сомасына қатысты шекті мәнді белгілейді;

      39) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді;

      40) айырбастау пункттерін ашу тәртібін белгілейді;

      41) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде біліктілік талаптарын белгілейді;

      42) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде шоттар ашуы туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерді береді;

      43) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді, оларды белгілеу тәртібін айқындайды және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      44) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;

      45) мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың құзыретіне сәйкес валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен бейрезиденттер орындауға міндетті тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілік беру тәртібін және мерзімдерін белгілейді;

      46) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттердің валюталық операциялары мониторингінің (валюталық мониторинг) тәртібін белгілейді және оны жүзеге асырады;

      47) сұраныс пен ұсыныс көздері, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттары мониторингінің тәртібін белгілейді және оны жүзеге асырады;

      48) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асырады;

      49) қаржы, өзге ұйымдар мен тұлғаларға, олар Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, санкциялар мен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды өз құзыреті шегінде қолданады;

      50) Қазақстан Республикасының банктерінде, өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар шетелдің орталық банктерінде, шетел банктерінде және басқа да қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      51) өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар шетелдің орталық банкі, шетел банктері және басқа да қаржы институттары, шетел үкіметтері мен олардың агенттері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшін шоттар ашады және жүргізеді, өкіл немесе корреспондент ретінде іс-әрекет жасайды;

      52) ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөніндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргізеді;

      53) банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар береді, лицензияларды қайта ресімдейді, лицензиялардың телнұсқаларын береді, лицензияларды беруден бас тартады, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және одан айыру туралы шешім қабылдайды;

      54) мыналарды:

      тарату комиссияларының кассада қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жүргізу, кассалық құжаттарды жүргізу жөніндегі қағидаларды орындауы бойынша, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін қамтамасыз ету бойынша талаптарды;

      ерікті түрде таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясы қызметінің ерекшеліктерін;

      банктің меншік капиталы мен инвестицияларын есептеу әдістемесін;

      банктерді консервациялау режимін қолдану (белгілеу) тәртібін;

      сақтандыру брокері қызметінің талаптарын;

      сақтандыру портфелін беру тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін;

      актуарлық қызметті жүзеге асыру тәртібін және талаптарын;

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін;

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға және олар бойынша есептілікке қойылатын талаптарды;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуын бақылауды кастодиан банктің жүзеге асыру тәртібін;

      салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртібін;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының сақталуға жататын құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті қайтару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидаларын;

      міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне орналастырылатын қаржы құралдарының тізбесін;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетел кастодиандарын;

      мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) Қазақстан Ұлттық Банкі қатысатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізудің ерекшеліктерін;

      сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындайды;

      консервациялау режимінде тұрған банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру тәртібін, сондай-ақ беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін;

      мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртібін және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды;

      жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін айқындайды;

      55) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;

      56) өзінің құзыреті шегінде уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) қызметінің мәселелері бойынша:

      банкті банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырған кезде, сондай-ақ банктерді тарату мәселелері бойынша;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырған кезде, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және өзге актілерді әзірлейді;

      57) мыналарды:

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, келісімді алуға қажетті құжаттарды;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 35-бабының 2-тармағында көрсетілген сенім білдірілген адамдарға қойылатын талаптарды және оларды таңдау тәртібін;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін;

      қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру тәртібін;

      зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастыру тәртібін және мерзімдерін;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, және өзінің қызметі туралы өзге есептілік пен ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және өзінің интернет-ресурсында орналастыру тәртібін және мерзімдерін;

      ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін және үлгі нысанын;

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыға не инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-қимылдарын жүзеге асыру тәртібін;

      мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ олардың күшін жою, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу талаптары мен тәртібін;

      эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің, облигациялық бағдарламаның және облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымдарының құрылымын, оларды жасау және ресімдеу тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерге қойылатын талаптарды;

      облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, эмитент пен өкіл арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, облигацияларды ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылар өкілінің "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ақпарат ұсыну мерзімдерін;

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқару талаптары мен тәртібін;

      лицензиат уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейін оның клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібін;

      бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметінің тәртібін;

      қазақстандық депозитарлық қолхаттарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің, қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті берудің талаптары мен тәртібін, сондай-ақ қазақстандық депозитарлық қолхаттар эмитенті сақтауға тиіс талаптарды;

      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін;

      пруденциялық нормативтердің және өзге де көрсеткіштердің немесе лицензиаттардың қаржылық орнықтылығы критерийлерінің (нормативтерінің) түрлерін, оларды есептеу тәртібі мен есептеу әдістемелерін;

      арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфельді жаңа басқарушыға берілетін бөлінген активтерін салыстыру тәртібін;

      арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан банкке беру тәртібін;

      арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін;

      бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру тәртібін;

      банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы бұрын өздері шығарған облигациялардың айналысы кезінде облигациялар шығаруға ниеті болған жағдайда, олар сақтауға тиіс талаптарды;

      банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін;

      мәмілелер жасау және операциялар жүргізу кезінде банктерге қойылатын шектеулерді;

      заңды тұлғалардың банктер, банктің еншілес ұйымдары немесе банк холдингі сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне), сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына не акцияларына қатысу үлестерінің жиынтық құнына қойылатын талаптарды;

      бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібін, еншілес ұйымның сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды;

      банктер және банк конгломераттары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін;

      банк активтерінің және міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияларды келісу тәртібін, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін;

      банктердің сақтауға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін;

      күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алу үшін еншілес ұйымдарға банктер берген активтерді күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ бас банктер еншілес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртібін;

      банктер және банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді;

      салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша банктердің серпінді резервтерді қалыптастыру тәртібін және талаптарын;

      қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - уәкілетті ұйымдар) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және қалыптастыру тәртібін;

      талап етілетін ең төменгі рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін;

      салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым алуға жататын кірістерді 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу тәртібін;

      уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) және тарату комиссиясының есептерді және өзге (қосымша) ақпаратты ұсыну нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін;

      уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау тәртібін және оның өкілеттіктерін;

      қарыздар беру не депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиттерді кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банкте (банктерде) орналастыру тәртібін;

      ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерді беру тәртібін;

      тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды;

      ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеті маржасының ең төменгі деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды;

      жарғылық капиталдың, кепілдік қорының, төлем қабілеті маржасының ең төменгі мөлшерін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді;

      сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды;

      мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін;

      Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін;

      банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін;

      қарыздар және салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде (нақты құнымен) есептелетін сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәртібін;

      сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын, оның ішінде қызметі лицензиялауға жататын қоғамдарға арналған талаптарды;

      зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру сыйлықақыны және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілейді;

      58) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын;

      банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын;

      үлгілік кастодиандық шарттың нысанын;

      зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын;

      зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын;

      зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару қағидаларын;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекітеді;

      59) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларын қабылдайды, оларда нысандарын, тізбесін, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;

      60) барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы орындауға міндетті бухгалтерлік есеп мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарларын, бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын қабылдайды;

      61) қаржы ұйымдарының аудиторлық есепті жасау және оны Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      62) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілейді;

      63) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекітеді;

      64) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекітеді;

      65) егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жай-күйінің жақсаруына әкелмеген жағдайда, банктер кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің қаржылық жай-күйін жақсарту және банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен сатып алуы туралы шешім қабылдайды;

      банкте капиталының теріс мөлшері болған жағдайда, банктің қаржылық жай-күйін қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу өткізу талабымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес заңнамада белгіленген санкцияларды қолдану жолымен капиталының теріс мөлшері бар банктер акционерлерінің құқықтары мен міндеттерін мәжбүрлеп шектеу туралы шешімдер қабылдайды;

      66) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      67) банк конгломераттарының қызметін реттейді;

      68) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;

      69) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;

      70) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті жариялануға жататын бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерін және оларға қойылатын талаптарды айқындайды;

      71) мыналарды:

      тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізу;

      қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындау;

      жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастыру;

      қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу мақсатында пруденциялық нормативтерді және (немесе) жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу жолымен қаржы жүйесін макропруденциялық реттеуді жүзеге асырады;

      72) қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторинг жүргізеді;

      73) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;

      74) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      75) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржы нарығының барлық секторлары бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын түсіндіруге бағытталған ақпараттық жұмысты жүзеге асырады;

      76) статистикалық әдіснаманы әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындайды;

      77) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылауды жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

      78) қаржы секторына шолу, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;

      79) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

      80) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер береді;

      81) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

      82) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясатын және әдістерін айқындайды;

      83) Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін:

      тізбесін, нысандарын және мерзімдерін қоса алғанда, қаржылық есептілікті беру тәртібін;

      бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ бухгалтерлік есептің үлгілік шоттар жоспарын;

      Қазақстан Ұлттық Банкі еншілес ұйымдарының бірыңғай есеп саясатын қолдану тәртібін;

      еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін;

      еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің ашықтығы мен дәйектілігіне байланысты мәселелер бойынша өзге де актілерді әзірлейді және бекітеді;

      84) банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;

      85) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;

      86) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;

      87) бағалы металдардан жасалған бұйымдарды және құрамында бағалы металдар бар, меншік иелері бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар қаржы ұйымдары, өзге де тұлғалар болып табылатын шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) қоспағанда, бағалы металдарды сақтауды және сынақтан өткізуді жүзеге асырады;

      88) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;

      89) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдеседі;

      90) банк қызметінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің, сақтандыру қызметінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің, ақша төлемдері және аударымдары, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған өкілеттіктер шегінде өзге де мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдары, қаржылық қызметтерді тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, оның ішінде тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады;

      91) микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      92) пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      93) қаржы ұйымдарының және олардың үлестес тұлғаларының, банк конгломераттары мен сақтандыру топтары қатысушыларының, микроқаржы ұйымдарының есептілік (қаржылық есептілікті қоспағанда) тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді;

      94) салықтардың және бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша, берілген микрокредиттер бойынша активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;

      95) халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды бекітеді;

      96) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      97) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады;

      98) микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілейді;

      99) қаржы ұйымдарынан және олардың үлестес тұлғаларынан, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларынан, микроқаржы ұйымдарынан, арнайы қаржы компаниялары мен исламдық арнайы қаржы компанияларынан қаржылық және өзге есептілікті алады;

      100) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      101) "Астана" халықаралық қаржы орталығының жекелеген органдарының қызметін қаржыландырады, оның ішінде олардың акцияларын және (немесе) олардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену жолымен қаржыландырады;

      102) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, талаптармен және мерзімдерде жұмыс істемейтін қарыздар үлесін азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;

      103) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, талаптармен және мерзімдерде жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;

      104) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, талаптармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді;

      105) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлейді және бекітеді;

      106) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады;

      107) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      108) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық көрсетілетін қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;

      109) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;

      110) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң), Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      18-тармақтың 2), 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйымдарға берілген лицензияларды және (немесе) олардың қосымшаларын беруді, қолданысын тоқтата тұруды, айыруды, қайта бастауды, қайта ресімдеуді және телнұсқаларын беруді жүзеге асырады;";

      "5) сыртқы сектор статистикасы саласындағы ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді, сондай-ақ хабарлама туралы куәліктер мен тіркеу куәліктері жөніндегі есептерді жинауды, өңдеуді жүзеге асырады, Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратына ұсыну мен беру тәртібін бақылайды;";

      "9) өз құзыреті шегінде тәуекелдер дәрежесін бағалау негізінде тексеруге жататын субъектілердің тізбелерін жасайды және оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратына қарау және кейіннен белгіленген тәртіппен бекіту үшін ұсынады;";

      19-тармақта:

      2) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, өзгерту, айналдыру) немесе банктерді ерікті түрде таратуға;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға рұқсат беру, беруден бас тарту туралы мәселелерді қарайды;";

      8) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру нарығындағы актуарийлердің қызметін жүзеге асыруға;";

      16) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, актуарийге, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолданады;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының банктерді, банк конгломераттарын пруденциялық реттеу және резервтік талаптар, басшы қызметкерлерді келісу, активтерді, шартты міндеттемелерді сыныптау және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, қарыз алуды және қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында еншілес ұйымды құруға немесе оны иемденуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртібіне қойылатын талаптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркейді;";

      29) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктерге, банк және сақтандыру холдингтеріне және банк конгломератының және сақтандыру тобының құрамына кіретін қаржы ұйымдарына тексерулер жүргізеді;";

      38) тармақша алып тасталсын;

      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;";

      63) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      64) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      20-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қаржы ұйымы бекітілуі туралы Қазақстан Ұлттық Банкіне хабарлайтын қаржы өнімдерінің тізбесін бекітеді;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      "9) 21-тармақта:

      екінші бөлікте 1) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      11) тармақша алып тасталсын;

      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді;

      13) жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шегінде қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық мөлшерлемесіне ықпал ету мақсатында ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейлерін белгілейді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қызметкерлерді оқытуды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді.

      Басқарма мен Директорлар кеңесі (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады.

      Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

      1) банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарға ресми бағамын белгілеу қағидаларын;

      3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын;

      6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;

      7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;

      8) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын;

      9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алып қою қағидаларын;

      10) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;

      11) тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

      12) Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;

      13) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын;

      14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;

      15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын;

      17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын;

      18) Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын;

      19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын;

      20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;

      21) Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      22) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты;

      23) клиент және оған қызмет көрсететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру қағидаларын;

      24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;

      25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      26) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидаларын;

      27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;

      29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      30) банк шотын тікелей дебетке алу арқылы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;

      31) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;

      32) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын;

      33) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын;

      34) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын конвертациялау және реконвертациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;

      35) вексельдер эмитенттерінің қаржылық жай-күйін талдау және бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алуға қабылдау лимиттерін белгілеу жөніндегі нұсқаулықты;

      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      37) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі қағидаларын;

      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;

      39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;

      40) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтер ұсынуы қағидаларын;

      41) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;

      42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;

      43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;

      44) Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

      45) Қазақстан Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

      46) электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын;

      47) экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын;

      48) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру және өтеу қағидаларын;

      49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      50) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;

      52) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;

      53) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын;

      54) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;

      55) Ұлттық Банк туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;

      56) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;

      57) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу қағидаларын;

      58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;

      59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;

      61) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын;

      62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;

      63) барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы орындауға міндетті бухгалтерлік есеп мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын;

      64) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды;

      65) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тізбесін, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;

      66) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептіліктің тізбесін және жариялау мерзімдерін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі айқындалады;

      67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару бойынша операцияларды есепке алу жөніндегі есепке алу саясатын;

      68) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;

      69) қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;

      70) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін;

      71) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын;

      72) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын;

      73) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;

      74) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті;

      75) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларын;

      76) Қазақстан Республикасы ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;

      77) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;

      78) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын;

      79) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;

      80) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;

      81) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;

      82) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;

      83) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;

      84) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

      85) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

      86) қаржы ұйымы бекітілуі туралы Қазақстан Ұлттық Банкіне хабарлайтын қаржы өнімдерінің тізбесін;

      87) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;

      88) Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекіту туралы хабарлау тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін;

      89) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін;

      90) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;

      91) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды;

      92) Қазақстан Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының қызметін қаржыландыру шарттары мен тәртібін;

      93) банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды;

      94) банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды;

      95) орталық қарсы агенттің тәуекелдерін басқару жүйесіне, орталық қарсы агент тәуекелдерінің мониторингі, бақылау және басқару талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптарды;

      96) банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын;

      97) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын;

      98) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды;

      99) қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру және келісім алуға қажетті құжаттар тізбесін беру қағидаларын;

      100) банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін;

      101) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін және қажетті құжаттардың тізбесін;

      102) банктерді консервациялау режимін қолдану (белгілеу) тәртібін;

      103) екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) банк активтерінің және жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не оны толық мөлшерде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беруді жүзеге асыру тәртібін;

      104) бағалы қағаздар нарығында лицензиялануға жататын кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін;

      105) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензияларды берудің талаптары мен тәртібін;

      106) эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды;

      107) Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну талаптары мен тәртібін;

      108) мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, туынды бағалы қағаздарды шығарудың, айналысқа жіберудің және өтеудің және оларды мемлекеттік тіркеудің, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қараудың, сондай-ақ олардың күшін жоюдың, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастыруға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеудің талаптары мен тәртібін;

      109) акционерлік компанияны жария компания деп тану және одан жария компания мәртебесін кері қайтарып алу тәртібін;

      110) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және құрамын;

      111) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін және оның үлгі нысанын;

      112) зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру тәртібін;

      113) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібін;

      114) инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысына не ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушысының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін;

      115) микроқаржы ұйымдары, қаржы ұйымдары және олардың үлестес тұлғалары, оның ішінде банк конгломераттары және сақтандыру топтары есептілігінің (қаржылық есептілікті қоспағанда) тізбесін, нысанын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;

      116) банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну тәртібі мен нысанын;

      117) облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, эмитент пен өкіл арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, өкілдің өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату тәртібін және жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімін;

      118) білікті инвесторлар қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін;

      119) өздеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасау тапсырылған кезде қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметті жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдау қағидаларын;

      120) орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру тәртібін;

      121) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру тәртібін;

      122) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы мониторингтің талаптары мен тәртібіне, тәуекелдерді бақылау мен басқару жүйесіне қойылатын талаптарды;

      123) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру тәртібін;

      124) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;

      125) бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан астам пайызын не сатып алу нәтижесінде тұлғаның өзіне немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан астам пайызы тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге де санын сатып алу ниеті туралы хабарлама жіберу тәртібін;

      126) банктік қарыз шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолдану талаптарын;

      127) банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларымен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, банк немесе банк холдингі міндеттемелері бойынша кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді жасау тәртібін;

      128) банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысының не банк холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банктің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде іс-қимылдарды жүзеге асыру тәртібін;

      129) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;

      130) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;

      131) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыларды, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу бойынша ішкі саясатқа қойылатын талаптарды және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептілік нысандарын;

      132) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, кері қайтарып алу тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды;

      133) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде іс-қимылдарды жүзеге асыру тәртібін;

      134) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;

      135) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру тәртібін;

      136) қаржы ұйымдарында, исламдық арнайы қаржы компанияларында, микроқаржы ұйымдарында және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамында рұқсатсыз кіруден, ақпаратты өзгертуден және жоюдан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шаралар мен бағдарламалық-техникалық құралдардың пайдаланылуы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;

      137) қаржы ұйымдарында, исламдық арнайы қаржы компанияларында, микроқаржы ұйымдарында және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;

      138) Ұлттық Банк туралы заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді.";

      23-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын жасау және айналысқа шығару, айналыстан алу, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша жасау және айналысқа шығару, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін белгілейді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Ұлттық Банкі, оның ведомстволары мен ұйымдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу талаптарын және Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандырылу талаптарын бекітеді;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекітеді;";

      25-тармақтың екінші бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Ұлттық Банкінің, ішкі аудит және қауіпсіздік бөлімшелерінің есептерін қоспағанда, орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің істелген жұмысы туралы есептерін тыңдайды;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін мыналарды:

      тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін;

      бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;

      бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының бірыңғай есеп саясатын қолдану тәртібін;

      еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін;

      еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен дәйектілігіне байланысты мәселелер жөніндегі өзге де актілерді бекітеді;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындар шығаратын және өткізетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын келіседі немесе белгілейді;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мыналарды:

      Қазақстан Ұлттық Банкі техникалық қызметшілерінің тізбесін;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметінің, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті пайдалануға байланысты, бюджетті (шығыстар сметасын) жасау және пайдалану, монетарлық қызмет, клиенттерге қызмет көрсету, қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру, құндылықтардың сақталуын, еңбек қатынастарын және еңбекке және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерге тікелей байланысты қатынастарды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі актілерді;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу, жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің үлгі шот жоспарын жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебінің үлгі шот жоспарын жасау тәртібін;

      жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық мөлшерлемесіне әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің және базалық мөлшерлеменің деңгейін;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем және өзге де құжаттарды қолдануы, Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялық күнін ұйымдастыру және басқару, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ чек кітапшаларын дайындау, есепке алу, сақтау және беру мәселелері жөніндегі актілерді;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары мәселелері жөніндегі актілерді;

      Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік кәсіпорындарының бизнес-жоспарларын, даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді;

      Қазақстан Ұлттық Банкі ұсынатын қызметтер үшін ақы түрлерін және мөлшерлерін;

      Қазақстан Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, оларды іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді;

      Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті иеліктен шығару және пайдалануға беру қағидаларын;

      Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу қағидаларын;

      Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін бизнес-жоспарлау жөніндегі қағидаларды;

      Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекітеді.";

      29-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;

      33-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері жарғылық және резервтік капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, провизиялардан (резервтерден) тұрады.";

      сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша басқа да талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа активтерді қоса алғанда, күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) құрылады.

      Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған.".

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында:

      1-бөлімнің реттік нөмірі 21-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы".

      2. Осы Жарлық:

      осы Жарлықтың 1-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші және екі жүз он бесінші абзацтарын;

      осы Жарлықтың 1-тармағының 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін үш жүз елу алтыншы және үш жүз елу сегізінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Президенті

Н.Назарбаев