"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 336 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 600-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жаза өтеу кезеңінде қосымша немесе өзге көмек алу мүмкіндігі туындаған жағдайда жеке бағдарламаға екі жақты келісім бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.

      Егер жазасын өтеген адамның баспанасы жоқ болған немесе баспанасынан айрылып қалған жағдайда пробация қызметінің қызметкері адамның келісімімен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша тұру ұйымдарына орналастыру үшін оны жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді:

      1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;

      2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;

      3) өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу.

      Құқықтық көмек көрсету үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 336 қаулысына
қосымша
  Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (пробация қызметінің атауы)

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы

      Мен,_________________________________________________________________

      (пробация қызметінің атауы

      пробация қызметінің бастығы (аға инспекторы, инспекторы)

      _____________________________________________________________________

      қызметкердің тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________тұратын

      (мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      денсаулық жағдайы, білім деңгейі және жұмыспен қамтылуы, тұрғылықты жерінің бар-жоғы, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (шартты түрде, бас бостандығын шектеуге сотталған, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, оған қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адам) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің (қажетінің астын сызу)

      жеке бағдарламасын жасадым, ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:

      1) медициналық көмек (қажет болған жағдайда):

      тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде;

      2) құқықтық көмек (қажет болған жағдайда):

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;

      әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;

      өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;

      3) білім алуына көмек көрсету (қажет болған жағдайда);

      4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);

      5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (егер жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;

      6) өзге де көмек алуына (қажет болған жағдайда) көмек көрсету.

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын

      ____________________________________________________________________

      (пробация қызметінің атауы)

      пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) жасады.

      __________________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" ______________

      М.О.

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ___________________________ ________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы)

      20___ жылғы "___" _____________