Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 және "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 294 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:

      «Досаев         – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Ерболат Асқарбекұлы     министрі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «Бишімбаев      - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Қуандық Уәлиханұлы      министрі»;

      2) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) қаулысында:
      7-1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «7-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес құрамда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2016 жылғы 17 мамырдағы  
      № 294 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына    
5-қосымша      

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

–

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

–

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Смайылов
Әлихан Асханұлы

–

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)

Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

–

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

–

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі