Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 260 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 30 сәуірдегі
№ 260 қаулысына  
қосымша   

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарын криминалистикалық техникамен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 86 қаулысы.
      2. «Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 650 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 694-құжат).
      3. «Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 868-құжат).