"Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 205 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мына жоғары оқу орындарына:»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев