«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 191 қаулысымен
бекітілген
Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары
1. Осы Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдардың полиграфологиялық зерттеуден ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) полиграф — адамға сауалнама жүргізу процесінде аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін, ұсынылатын вербалдық және көру стимулдарына жауап ретінде физиологиялық реакциясының серпінін (тыныс алуы, жүрек-қан тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бетінің мимикасы және басқалары) тіркеуге арналған техникалық құрылғы;
2) полиграфологиялық зерттеу - адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі;
3) полиграфолог - тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.
3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі — зерттеу) судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар өтеді.
4. Қосымша ақпарат алу және судьялыққа кандидаттар (бұдан әрі - зерттелетін адамдар) хабарлаған мәліметтердің растығын тексеру зерттеуден етудің мақсаты болып табылады.
5. Зерттелетін адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде зерттеуден өтеді.
6. Зерттеуден етудің негізгі міндеттері Заңның 15-бабының 2-тармағымен айқындалған.
7. Зерттеуді полиграфты пайдалана отырып, полиграфолог жүргізеді және ол бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) зерттелетін адаммен тестілеу алдындағы әңгімелесу;
2) зерттелетін адамды тестілеу;
3) қорытынды шығару.
8. Зерттеу зерттелетін адамның қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілінде жүргізіледі және зерттелетін адамда қадір-қасиетін түсіру немесе қорлау сезімінің туындауын болдырмауы тиіс.
Қажет болған жағдайда аудармашы ұсынылады.
9. Полиграфолог зерттеу жүргізер алдында қолдағы материалдармен алдын ала танысады, қажет болған кезде зерттелетін адамның денсаулығының жай-күйі туралы зерттелетін адам ұсынған медициналық құжаттарды зерделейді және медициналық мекеменің тиісті мамандарымен консультация жүргізеді.
10. Зерттелетін адаммен жүргізілетін тестілеу алдындағы әңгімелесу:
1) зерттелетін адамның құқықтарын, сондай-ақ зерттеудің міндеттерін түсіндіруді;
2) полиграфпен және оның жұмыс қағидатымен танысуды;
3) сұрақтарды талқылауды және түзетуді;
4) жауаптан жалтаруды, күйгелектігін, мінез-құлқы мен сөзінің сәйкессіздігін анықтау мен тіркеуді көздейді.
11. Зерттелетін адам тестілеуден өту кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі бөліктен тұратын полиграфологиялық зерттеу туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) толтырады. Декларацияның бірінші бөлігі тестілеу алдында, екінші бөлігі тестілеуден өткен соң толтырылады.
Тестілеу сәтінде көңіл-күйі нашарлаған зерттелетін адам бұл туралы тестілеуді жүргізу басталғанға дейін полиграфологқа хабарлайды және ол туралы декларацияда көрсетеді. Бұл жағдайда осындай адамдарды тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні жүргізіледі, бұл ретте, көңіл-күйінің нашарлауы себебі бойынша тестілеуді ауыстыруға он күнтізбелік күн ішінде екі реттен асырмай жол беріледі.
Сонымен қатар, зерттелетін адамды:
1) жүрек-қан тамырлары немесе тыныс алу қызметінің бұзылуына байланысты сырқаты күрт ушыққан жағдайда (зерттелетін адам тиісті медициналық қорытынды ұсынады);
2) зерттелетін адам алкогольге немесе есірткіге мас күйде болса немесе улануының қалдық құбылыстары болса;
3) жүктілігі туралы деректер болса, тестілеуге жол берілмейді.
12. Зерттеу жүргізген кезде оны аудио және бейнеге жазып алу жүзеге асырылады, ол туралы зерттелетін адамға хабарланады.
13. Зерттелетін адамды үздіксіз тестілеудің ұзақтығы 120 минуттан аспауы тиіс. Жүктемені азайту үшін тестілеу барысында зерттелетін адамға ұзақтығы 15 минутқа дейінгі демалыс беріледі.
Бұл ретте, зерттеу жүргізген кезде бір полиграфологқа арналған жұмыс жүктемесі күніне екі адамнан аспауы тиіс.
14. Зерттелетін адам тестілеуден осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмелерде өтеді.
Бөлмелерге қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) алаңы - кемінде 10 шаршы метр, төбесінің биіктігі - кемінде 2,5 метр;
2) қабырғалары мен төбелері дыбыстан оқшаулаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, бейтарап және жағымды түске боялған болуы;
3) бөлмедегі ауаның тұрақты температурасы +20-дан +25-ке С0 дейін.
15. Зерттеуден өту нәтижелері бойынша зерттелетін адамның қойған сұрақтарға берген жауаптарының дұрыстығы туралы тұжырымы бар қорытынды жасалады.
Қорытындыға жүргізілген зерттеудің мәнін барынша анықтайтын қосымша мәліметтер жазылуы мүмкін.
16. Зерттеу барысында алынған ақпарат ұсынымдық сипатта болады.
17. Полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы қорытындыны полиграфолог осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін Кеңестің аппаратына жолдайды.
Полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы қорытынды одан өткен күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады.
18. Зерттеу материалдары қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттарға жатқызылады.
19. Зерттеу материалдары (зерттеудің нәтижелері туралы қорытынды, полиграммалар түрінде принтерден басып шығарылған психофизиологиялық реакциялар, аудио және бейне материалдар, сұрақтар және басқа да құжаттар) Кеңестің аппаратында бес жыл бойы сақталады.
Судьялыққа кандидаттардың
полиграфологиялық зерттеуден
өту қағидаларына
1-қосымша
Полиграфологиялық зерттеуге жолдама
Жолдама түбіртегінің № __
Полиграфологиялық зерттеуге ______________________ жолданады (зерттелетін адамның Т.А.Ә.) ______________________ (зерттеудің негіздемесін көрсету керек) Бөлім басшысы _____________________________ (лауазымын, Т.А.Ә. көрсету керек) 20 __ ж. «__» ____________. |
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» ММ ______________________________ (жолдама берген органның атауы) Жолдама № ______________ Полиграфологиялық зерттеуге _____________________ жолданады (зерттелетін адамның Т.А.Ә.) ________________________________ (зерттеудің негіздемесін көрсету керек) Фото М.О. Бөлім басшысы ________________________________ (лауазымын, Т.А.Ә. көрсету керек) 20 __ ж. «__» ____________ |
---|
Судьялыққа кандидаттардың
полиграфологиялық зерттеуден
өту қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Полиграфологиялық зерттеу туралы декларация 1-бөлім (тестілеу өткізгенге дейін толтырылады)
1. Зерттелетін адамның Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Шағымы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Көңіл-күйі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Эмоциялық күйі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тестілеу сәтіндегі жалпы көңіл-күйі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жүрек-қан тамыры және тыныс жолдары қызметінің бұзылуына байланысты сырқаттарының бар екендігі туралы медициналық құжаттарының болуы:
2. Маған, полиграфологпен әңгімелесу барысында:
1) әңгімелескен және полиграфты қолдана отырып, тестілеу жүргізген кезде аудиокөру қадағалауы мен жазба жүргізілетіні;
2) үздіксіз тексеру ұзақтығының 120 минут құрайтыны және қажет болған кезде 15 минутқа дейін демалыс берілетіні туралы ескертілді.
3. Сондай-ақ маған құқықтар мен зерттеудің міндеттері, полиграф жұмысының қағидаты, тестілеу сұрақтарының тақырыбы түсіндірілді.
Зерттелетін адамның қолы
____________________________________________________________________
4. Алкогольге немесе есірткіге мас күйде емес екенімді растаймын.
Зерттелетін адамның қолы
____________________________________________________________________
5. Зерттеу жүргізу барысында аудармашының көмегі қажет емес.
Зерттелетін адамның қолы _____________________________________
Күні және уақыты 20 __ ж. «__» ____________
«__» сағат «__» минут
2-бөлім (тестілеу өткізілген соң толтырылады)
Мен, ____________________________________________________,
(зерттелетін адамның Т.А.Ә.)
20__ж. «__» ___ ___ сағат ___ минуттан ___ сағат ___ минутқа дейін (басталған уақыты) (аяқталған уақыты)
өткізілген полиграфологиялық зерттеулер шеңберінде тестілеуден соң,_____________________________________________________ байланысты,
(зерттеудің негіздемесі көрсетіледі)
мыналарды растаймын:
1) тестілеу уақытында маған алдын ала таныс болған тақырыптағы сұрақтар қойылды;
2) сауал алу уақытында мен тестілеу рәсімдерін үзуге ниет білдірген жоқпын;
3) зерттеу рәсімдері және сұрақтардың мазмұны менің адамгершілік қадір-қасиетіме нұқсан келтірген жоқ және қорлаған жоқ;
4) маған қатысты қауіп, зорлық және ықпал етудің өзге де заңсыз әдістері пайдаланылған жоқ;
5) тестілеу жүргізілген соң менің психикалық күйім және денсаулығым нашарлаған жоқ.
Ерекше пікір:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20 __ ж. «__» ____________
Судьялыққа кандидаттардың
полиграфологиялық зерттеуден
өту қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Полиграфологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қорытынды
20 __ жылғы «__» ____________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бастамашының лаузымы, Т.А.Ә.)
жолдамасы бойынша
____________________________________________________________________
(зерттелетін адамның Т.А.Ә., туған жылы)
полиграфологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеуді
____________________________________________________________________
(өткізілген орны)
20 __ ж. «__» ___________ - __________ аралығында полиграфолог
(басталған уақыты) (аяқталған уақыты)
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
жүргізді.
Зерттеу
____________________________________________________________________
(маркасы, сериялық нөмірі)
полиграфта жүргізілді.
Зерттеудің негіздемесі:
____________________________________________________________________
Анықталуы тиіс сұрақтар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сұрақтардың мазмұны)
Алынған полиграммалар
__________________________________________________ бойынша бағаланды.
(әдістеме атауы)
Тестілеу барысында зерттелетін адамның жауаптары кезінде мынадай сұрақтарға физиологиялық реакциялар алынды:
1.
____________________________________________________________________
2.
____________________________________________________________________
Сондай-ақ, зерттелетін адам әңгімелесу процесінде
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(зерттелетін адамнан қандай да болмасын құқыққа қайшы әрекеттер туралы алынған ақпарат көрсетіледі)
туралы қосымша хабарлады.
Зерттеудің нәтижелері мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Полиграфолог:
____________________________________________________________________
_________________ (қолы, Т.А.Ә.)
20 __ ж. «__» ____________