"Мемлекеттік материалдық резервтің дебиторлық берешегін есептен шығару қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1184 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 166 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) (қызмет бабында пайдалану үшін)»;
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 273 қпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов