"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 165 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 938 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 489-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов