2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 147 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербургте жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 147 қаулысымен    
бекітілген      

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі – Ереже) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. Ереженің 1-бөлімі мынадай терминдермен толықтырылсын:
      «орталық кеден органы – Келісімге қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік құқықтық реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органы;
      орталық уәкілетті орган – Келісімге қатысушы мемлекет тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берген және осы мемлекеттің аумағында тауарлардың шығарылуын бірыңғай электронды сертификаттау жүйесін жүргізуді, сондай-ақ аталған жүйенің тиісінше жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыратын орган (ұйым);
      уәкілетті орган – Келісімге қатысушы мемлекет СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берген орган (ұйым);
      тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесі – Келісімге қатысушы тиісті мемлекеттің аумағында уәкілетті органдар берген СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың электронды нысандарының ақпараттық деректер базасын қамтитын Келісімге қатысушы мемлекеттің орталық уәкілетті органының ақпараттық жүйесі».
      2. Ереженің 1-бөліміндегі «тауар легі» және «тауардың шығу тегі туралы сертификат» деген терминдер мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауар партиясы – бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына бір немесе бірнеше тауар-көлік құжаттарымен бір мезгілде жөнелтілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошталық жүкқұжатымен қайта жіберілетін немесе шекараны кесіп өтетін бір тұлғаның қолжүгі ретінде өтетін тауарлар;
      тауардың шығарылуы туралы сертификат – уәкілетті орган берген және тауардың шығарылған елі туралы куәландыратын құжат».
      3. Ереженің 2-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бөлім. Тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемшарттары».
      4. Ереженің 6.1, 6.2, 6.3 және 6.8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6.1. Еркін сауда режимін ұсыну мақсатында Келісімге қатысушы нақты мемлекетте тауардың шығарылған елін растау үшін әкелуші елдің кеден органына СТ-1 нысанындағы сертификаттың (сертификаттың және оның қосымша парағының бланктері осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісінше 2 және 3-қосымшаларда ұсынылған) немесе тауардың шығарылғаны туралы декларацияның түпнұсқасын ұсыну қажет.
      Әкелуші елдің орталық кеден органы мен әкетуші елдің орталық уәкілетті органы арасында жеке хаттамамен ресімделген тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін қолдану туралы уағдаластық болған жағдайда, тауар электронды түрде кедендік декларацияланған кезде әкелуші елдің кеден органы СТ-1 нысанындағы сертификаттың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасын ұсынбауы мүмкін. Бұл ретте, осындай сертификаттың деректемелері тауарларға берілетін декларацияда көрсетілуге тиіс.
      Әкелуші елдің кеден органы тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс болмауы не тиісті түрде расталмауы мүмкін екенін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, СТ-1 нысанындағы сертификаттың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы әкелуші елдің кеден органының талабы бойынша ұсынылуға тиіс.
      Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолданудың жалпы қағидаттары осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын 4-қосымшада жазылған Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолдану туралы ережеде айқындалған.
      6.2. Еркін сауда режимін ұсыну мақсатында, егер Келісімге қатысушы мемлекеттерден шығатын және тауарлардың бір партиясында декларацияланатын осындай тауарлардың жалпы құны 5 000 (бес мың) АҚШ долларына балама сомадан аспайтын болса, тауардың шығарылуы туралы декларация әкелінетін тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ретінде ұсынылуы мүмкін.
      Егер тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ретінде тауардың шығарылуы туралы декларация ұсынылған және осындай декларацияда тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс емес болып табылатын белгілері байқалған жағдайда, әкелуші елдің кеден органының дәлелді талабы бойынша СТ-1 нысанындағы сертификат беріледі.
      Тауарлардың шығарылуы туралы құжаттарды ұсыну міндетті болмайтын жағдайлар Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      6.3. Келісімге қатысушы мемлекеттерден тауарлар шығарылатын кезде уәкілетті орган СТ-1 нысанындағы сертификатты береді.»;
      «6.8. СТ-1 нысанындағы сертификаттарды беру туралы нұсқаулық құжатты орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді немесе ол Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген өзге тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.».
      5. Ереженің 7.2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «СТ-1 нысанындағы сертификаттың түпнұсқасы оны осы Ережеге сәйкес ұсыну қажет болған жағдайда, әкелуші елдің кеден органында ұсынылған күнінен бастап кемінде үш жыл сақталады.».
      6. Ереженің 7.4-тармағының он төртінші абзацындағы «(қосымша парақ бланкісі осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын 3-қосымшада берілген)» деген сөздер алып тасталсын.
      7. Ереженің 7.4-тармағының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-баған – «Тауар саны». СЭҚ ТН сәйкес тауардың сандық сипаттамалары өлшем бірліктермен көрсетіледі. Жеткізілген тауардың нақты саны сертификатта көрсетілген санның 5 %-ынан артық болмауға тиіс.
      Егер тауардың сандық сипаттамалары СЭҚ ТН сәйкес килограммен көрсетілуге тиіс болса, сертификатта бастапқы буып-түюі ескерілген таза салмағы көрсетіледі, ол тұтынғанға дейін тауардан ажыратылмайды және онда тауар бөлшек саудада сату үшін жеткізіледі.»;

2-бап

      Тауар орын алған елден шыққан деп есептеуге орындалуы негіз болатын шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Ережеге 1-қосымша) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1. СЭҚ ТН коды «25-топтың» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

25-топтың

Қолданылатын ережелер одан әрі жазылатын 2519, 2523, 2524, 2525-тің 2504, 2515 12 500, 2516, 2518 позициядағы өнімдерден басқа, тұз, күкірт, топырақ және тас, сылақ материалдары, әктас

Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайында кез келген позициядағы материалдардан дайындау; көмірмен байыту, тазарту, қатты қиыршықтарды үгіту, кесу, кальцийлендіру

                                                           »;

      2. СЭҚ ТН коды «2524» деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы СЭҚ ТН коды «2523» толықтырылсын:
      «

2523

Цемент

Шикізат материалдарын өндіру, ұсақтау, тарту, шикізат материалдарын күйдіру, цемент клинкерін салқындату және тұтқыр материалдарды тарту процестерін қамтитын өндіру технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайында кез келген позициядағы материалдардан дайындау

                                                              ».

3-бап

      Ереже мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:

«Тауарлардың шығарылған
елін айқындау ережесіне
4-қосымша      

Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолдану туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолдану туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолданудың жалпы қағидаттарын айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесі (бұдан әрі – электронды сертификаттау жүйесі) әкелуші елдің кеден органдарының СТ-1 нысанындағы сертификаттың берілу фактісін және оның дұрыс толтырылуын тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады, ол қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасын ұсыну қажеттігінсіз, мәліметтерді кедендік декларациялау кезінде мәлімделеді.

2. Электронды сертификаттау жүйесін құру және қолданудың негізгі қағидаттары

      1.1. Электронды сертификаттау жүйесін құру және қолданудың негізгі қағидаттары:
      а) келісімге қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары берген СТ-1 нысанындағы сертификаттар туралы ақпарат жинауды орталықтандыру;
      б) электронды сертификаттау жүйесіндегі СТ-1 нысанындағы берілген сертификаттар туралы жазылатын мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығы;
      в) ондағы ақпараттың рұқсатсыз бұрмалануын немесе жойылу мүмкіндігін болдырмау;
      г) СТ-1 нысанындағы сертификаттар берілген күннен кейін олардың электронды нысандарының электронды сертификаттау жүйесінде кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
      2.2. Электронды сертификаттау жүйесін орталық уәкілетті орган осы Ереженің талаптарын ескере отырып, меншікті қаражаты немесе орталық уәкілетті орган орналасқан елдің ұлттық заңнамасында көзделген өзге де қаржыландыру көздері есебінен құрады және жүргізеді.
      2.3. СТ-1 нысанындағы берілген сертификаттар туралы мәліметтерді әкелуші елдің кеден органы өтеусіз негізде ұсынады.

3. Электронды сертификаттау жүйесіне қойылатын талаптар

      3.1 Электронды сертификаттау жүйесіне енгізілген СТ-1 нысанындағы сертификаттың электронды нысанындағы мәліметтер құрамы өтініш берушіге қағаз жеткізгіште түпнұсқада берілген СТ-1 нысанындағы сертификаттағы мәліметтер құрамымен бірдей болуға және СТ-1 нысанындағы сертификат түпнұсқасында қойылған қолдар мен мөрлерді қоспағанда, Ережеде жазылған СТ-1 нысанындағы сертификатты толтыру талаптары мен тәртібіне сәйкес болуға тиіс.
      3.2 СТ-1 нысанындағы сертификаттың электронды нысаны Ереженің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен қағаз жеткізгіште ресімделген СТ-1 нысанындағы сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті орган куәландырған күннен кейін бір күннен кешіктірілмей электронды сертификаттау жүйесіне енгізіледі.

4. Қорытынды ережелер

      4.1 Әкелуші елдің кеден органының СТ-1 нысанындағы сертификаттың берілу фактісін және электронды сертификаттау жүйесіндегі ақпаратты пайдаланып оның дұрыс толтырылуын тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әкелуші елдің орталық кеден органы мен әкетуші елдің орталық уәкілетті органы арасында өзара ақпараттық іс-қимыл туралы хаттама жасалады.
      4.2. Орталық уәкілетті орган:
      а) уәкілетті орган берген СТ-1 нысанындағы сертификаттар туралы электронды сертификаттау жүйесіндегі мәліметтердің толықтығын, өзектілігін және дұрыстығын қамтамасыз етуге;
      б) электронды сертификаттау жүйесіндегі мәліметтердің (ақпараттың) рұқсатсыз қол жеткізуден, жойылудан, түрлендіруден, бұғаттаудан, өзге де заңсыз әрекеттерден қорғалуын қамтамасыз етуге;
      в) электронды сертификаттау жүйесінің тәулік бойы тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
      4.3 Электронды сертификаттау жүйесі тиісінше жұмыс істемеген жағдайда, тауарлардың шығарылған елін құжаттық растау бөлігінде Ереженің жалпы ережелері қолданылады.
      4.4 Осы Ереже әкелуші елдің кеден заңнамасында және Ережеде көзделген тәртіппен тауарлардың шығарылған елін және ондағы мәліметтердің дұрыстығын айқындау мақсатында тауарларды декларациялайтын тұлға ұсынатын құжаттардың түпнұсқалығын тексеру бойынша әкелуші елдің кеден органдарының өкілеттіктерін шектейтін болып қарастырыла алмайды.».

4-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оған қолдарын қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы депозитарий үшінші хабарлама алған сәттен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Әзербайжан Республикасының           Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
      Премьер-Министрдің бірінші
              орынбасары

                         Я. Эюбов
                         ескертпемен                    Д.Медведев

      Армения Республикасының            Тәжікстан Республикасының
           Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін

                         Т. Саркисян                      А. Акилов

                         ескертпемен

      Беларусь Республикасының           Түрікменстан Республикасының
            Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

                         М. Мясникович        ....................

      Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының
            Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
                                        Премьер-Министрдің орынбасары

                         С. Ахметов

А. Икрамов
мәлімдемемен

      Қырғыз Республикасының             Украина Үкіметі үшін
           Үкіметі үшін

                         Ж. Сатыбалдиев                     Н. Азаров
                                                          ескертпемен

      Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін

                         Ю. Лянкэ

Әзербайжан Республикасының
ЕСКЕРТПЕСІ
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға

      1-баптың 4-тармағының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын және 4-баптың «қол қойылған күннен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады» деген сөздерін қоспағанда.

      Әзербайжан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары                                   Я. Эюбов

Армения Республикасының
ЕСКЕРТПЕСІ
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға

      Армения Республикасы 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елдерін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың 4-бабында белгіленген тәртіппен Армения Республикасы үшін ол күшіне енгенге дейін осы Хаттаманы уақытша қолданбайтын болады.

      Армения Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Т. Саркисян

Өзбекстан Республикасының
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға
МӘЛІМДЕМЕСІ

      2013 жылғы 20 қараша                   Санкт-Петербург қаласы

      Өзбекстан Республикасы оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы (Минск, 2013 жылғы 31 мамырда) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты қолдану туралы хаттаманың және 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесінің ережелерінен туындайтын құқықтар мен міндеттемелер үшін залалсыз, осы Хаттаманың 1-бабы 4-тамағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын және 3-бабын (Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолдану туралы ереже) қолданатынын мәлімдейді.
      Тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесін құру және қолдану туралы ереженің мәтінінде Ережеге сілтеме Өзбекстан Республикасы үшін 1993 жылғы 24 қыркүйектегі тауарлардың шығарылған елін айқындау Ережесіне сілтеме ретінде түсініледі.
      Өзбекстан Республикасының осы Хаттаманың қалған ережелерімен байланысы жоқ.

      Өзбекстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары                    А. Икрамов

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы күн тәртібінің
«2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама туралы» 2-тармағы бойынша
Украинаның
ЕСКЕРТПЕСІ

      2013 жылғы 20 қараша                   Санкт-Петербург қаласы

      Украина 2523 «цемент» тауарлық позициясы кодына қатысты мынадай шарттармен технологиялық операцияларды қолдану құқығын өзіне қалдырады:
      «Кез келген позициядағы материалдардан мамандандырылған өндіріс жағдайларында өңдеу/қайта өңдеу, көмірмен байыту, тазалау, қатты кристалдарды ұнтақтау, кесу, кальцийлендіру технологиясына сәйкес жасау».
      Хаттаманың уақытша қолданылуына қатысты бөлігінде Хаттама жобасының 4-бабының ережелерін қоспағанда.

      Украина
      Премьер-Министрі                                  Н. Азаров