Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 730-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 33-жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов