"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер ме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 54 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақсеңгір селолық округінің Жайсан ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 23 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Жамбыл ауданы Ақсеңгір селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданы Ақсеңгір селолық округінің Жайсан ауылындағы "Мектеп" көшесі "Алмас Құрманғалиев" көшесіне, "Алатау" көшесі "Жолдас Құрманғалиев" көшесіне қайта аталсын.
      2. "Жамбыл ауданы Ақсеңгір селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Смағұл Мөлдір Болатқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсеңгір селолық
      округ әкімі Ә. Ә. Қосбасаров