Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына көрсетілген компаниялар ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына инвестициялау шарттары бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылатын мерзіммен кері қайтарылмайтын банк кепілдігін берген, сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен қосымша аванстық төлемнің сомасына жоспарланатын шығыстарды келіскен жағдайда, әрбір компания бойынша инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.
Банк кепілдігін Standard&Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған, Standard&Poor’s және Fitch Ratings шәкілі бойынша «B-» төмен емес және Moody’s Investors Service шәкілі бойынша «B3» төмен емес шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банк беруге тиіс, көрсетілген рейтингтер «кері қайтарып алынған» немесе «тоқтатылған» жағдайында болмауға тиіс.
Бірнеше рейтингтік агенттіктердің рейтингі болған жағдайда, ең төмен рейтинг есепке алынады.
СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын және жылжымайтын мүлік кепілдіктерін бере отырып, корпоративтік кепілдік ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.
Бұл ретте, ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген жағдайларда, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру компаниясының сақтандыру сомасын төлеу бойынша сөзсіз міндеттемесін көздеуге тиіс.
СОО бойынша жобалау компаниясына қосымша аванстық төлем екінші деңгейдегі банктегі эскроу шотта орналастырылады. Эскроу шотта орналастырылған қаражатты пайдалану «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлейді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов