Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды.»;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру» деген 2-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру)»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларда (үй-жайларының бір бөлігінде).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайларының бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің оның азаматтарының жетістіктерін көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында қолдау мақсатында жеке және заңды тұлғалар пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлауға арналған зат ретінде пайдалануға жол берілмейді.»;
7, 9, 10, 10-1, 11, 20, 23, 27, 28, 29, 30, 31-тармақтардағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.»;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру» деген 3-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру)»;
15-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;»;
3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру» деген 4-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру);»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»;
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын:
«34-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні міндетті түрде орналастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.
34-2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде,
белімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов