"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1184 қаулысы

      2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;»;
      16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      20) асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру нысаны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      26) тармақша алып тасталсын;
      353)360)362)373) және 412) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға беретін халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерасты және жерүсті су объектілеріне қорытындысын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «360) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекітеді;»;
      «362) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдеріне болжам жасайды;»;
      «373) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
      «412) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      433) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 434-4), 434-5), 434-6), 434-7) және 434-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «434-4) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      434-5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      434-6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
      434-7) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;
      434-8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;»;
      17-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;»;
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2015 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;»;
      8-1) тармақша алып тасталсын;
      11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететін асыл тұқымды малдарды бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      12) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      13) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың малды күтіп-бағу, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) сақтау жағдайларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      14) тармақша алып тасталсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексереді;»;
      94) тармақша алып тасталсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов