"Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1172 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 304-құжат).
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов