Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:
4-тармақтың 4) тармақшасының отызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі ведомстволарындағы, мекемелеріндегі, органдарындағы, кәсіпорындарындағы және білім беру ұйымдарындағы (жоғары оқу орындарын қоспағанда), 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы және 2004 жылғы 30 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары оқу орындарындағы қызмет, сондай-ақ 2012 жылғы 18 ақпаннан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері, Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қызметі;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |