"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1123 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргізу тәртiбiн айқындау;";

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "62-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2), 68-3), 68-4), 68-5) және 68-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "68-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту;

      68-2) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;

      68-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту;

      68-4) үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту;

      68-5) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындау;

      68-6) энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 71-1) және 71-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "71-1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесін белгілеу;

      71-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 205-1) және 205-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "205-1) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;

      205-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау бойынша конкурсты өткізуі;";

      мынадай мазмұндағы 214-1) және 214-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "214-1) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті дәрежеде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесін жалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтату;

      214-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылды жүзеге асыру туралы шешімін келісу;";

      313) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "313) аралас тасымалдар қағидаларын бекіту;";

      399) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "399) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту;";

      401) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "401) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін және мөлшерлемелерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 421-1), 421-2), 421-3), 421-4), 421-5) және 421-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "421-1) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекіту;

      421-2) электрондық авиажүкқұжатының нысанын бекіту;

      421-3) Әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту;

      421-4) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту;

      421-5) табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) белгілеу;

      421-6) азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;";

      512) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "512) ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 514-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "514-1) архивтерді және құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару үшін ақпараттық жүйелерді айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 528-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "528-1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 553-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "553-1) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 562-1), 562-2), 562-3) және 562-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "562-1) ақпарат иеленушілерден интернет-порталда орналастыру үшін Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы "электрондық үкіметтің" веб-порталында қоғамдық пікірлерді сұрау нәтижелері бойынша ашық деректерді сұрату;

      562-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;

      562-3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;

      562-4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін белгілеу;";

      576) және 577) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "576) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын бекіту;

      577) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 577-1), 577-2), 577-3), 577-4), 577-5), 577-6), 577-7), 577-8), 577-9), 577-10) және 577-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "577-1) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мен мемлекеттік техникалық зерттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-2) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша салық салу объектілерінің құнын айқындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-3) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-4) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) белгілеу;

      577-8) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту;

      577-9) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша салық салу объектілерінің (тұрғын үй, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсарлас, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, тұрғын үй ірге қабатының, жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      577-10) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау;

      577-11) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді айқындау;";

      585) және 586) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "585) мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      586) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 586-1) және 586-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "586-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      586-2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";

      17-тармақта:

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 37-1), 37-2), 37-3), 37-4), 37-5), 37-6) және 37-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "37-1) энергия аудиторына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу;

      37-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлеу;

      37-3) энергия аудиторларының тізілімін жүргізу;

      37-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтынан Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе дұрыс емес ақпарат берген субъектілері туралы ақпарат алу;

      37-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтының Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және оны жүргізу бойынша ұсыныстарын қарау;

      37-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтынан энергия аудиттері қорытындыларына талдау жүргізу туралы ақпарат алу;

      37-7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды алу;";

      мынадай мазмұндағы 282-1) және 282-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "282-1) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері аясында табиғи монополиялар салаларындағы реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;

      282-2) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері бойынша табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері осы салалар шеңберінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу және талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару (енгізу) туралы ұсыныстар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 307-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "307-1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, диагностикалау және паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;";

      313) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "313) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 332-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "332-1) ашық деректерді интернет-порталында орналастыру үшін Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы "электрондық үкімет" веб-порталында қоғамдық пікірлерді сұрау нәтижелері бойынша ақпарат иеленушілерден ашық деректерді сұрату;";

      393), 394) және 395) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "393) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;

      394) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;

      395) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      407) тармақша алып тасталсын;

      415) және 416) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "415) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу;

      416) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;".

      2. Осы қаулы:

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші, тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он сегізінші, он тоғызыншы, отыз алтыншы, отыз жетінші, елуінші, сексен төртінші, сексен бесінші және сексен алтыншы абзацтарын;

      2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы және жүзінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов