"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін мемлекеттік орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 18.06.2018 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2020 № 701 қаулыларымен.2. "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 қаулысының 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 499-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |