РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтағы орталық аппарат функциялары:
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
26), 27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
27) Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
28-1) Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 31-1), 42-1), 49-1), 95-42), 95-43), 95-44) және 95-45) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
«42-1) Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
«49-1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруі жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
«95-42) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-43) Iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені әзірлейді;
95-44) жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін лауазымға тағайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
95-45) Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатты тағайындау туралы ұсыну енгізеді;».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов