"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 949 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      170) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;»;
      мынадай мазмұндағы 404-1) және 404-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «404-1) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асырады;
      404-2) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      17-тармақта:
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұрау салу бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;»;
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов