Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда:
«Ақтөбе» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «74» деген сандар «75» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов