Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 871 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 130-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 79 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілі» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілін ұстау шығыстарының 2015 жылға арналған сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 195 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов