"Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 185 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 824 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 185 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 306-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов