Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 814 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 6 қазан 2015 жылғы № 201 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауылдық округі әкімінің 29 шілде 2015 жылғы № 23 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (31 шілде 2015 жылы МТН № 3269, аудандық "Қызылқоға" газетіннің 6 тамыз 2015 жылы № 31 (6923) нөмірінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Қызылқоға" газетінде жариялансын.
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды Ойыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Ақбалашұлына жүктелсін.
      Округ әкімі: Е. Иғали