Сот-сараптама, адвокаттық және нотариаттық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 790 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

      1) мына:

      сот-сараптама қызметімен айналысуға;

      адвокаттық қызметпен айналысуға;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) мына:

      сот сарапшысы біліктілігін беру жөнінде;

      сот сарапшысын аттестаттау жөнінде;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Аумақтық әділет органдары:

      адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауды өткізу жөнінде;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды өткізу жөнінде екінші санатты рұқсат беруге уәкілетті органдар болып айқындалсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов