Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) республикалық мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 789 қаулысына
1-қосымша

Берілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

      "Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 789 қаулысына
2-қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

      "Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебі" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "Жас ұлан" мектебі" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 789 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      6-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолдағы "1267,5" деген сандар "989,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолдағы "744,5" деген сандар "466,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14)

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты

35,5


      ".