"Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы республикалық "Жас ұлан" мектебі" мемлекеттік мекемесін құру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 777 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебі» мемлекеттік мекемесін құру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы № 309 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов