Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 308 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысанында:
"Екінші кезек" деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Екінші кезек | ||||
1) | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары | ||||
… | |||||
Жиыны | |||||
2) | Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары | ||||
… | |||||
Жиыны | |||||
Екінші кезек бойынша жиыны: |
";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімінде:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тізілім Заңның 100; 101; 102; 103; 104; 105; 106; 107-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.";
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушы кредит алған жағдайда, кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне алынған кредитті қайтару бойынша кредиторлар талаптарының екінші кезегінің құрамына қосу арқылы өзгерістер енгізіледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |