Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне берсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті серіктестіктің қызметінен түсетін кірісті уақытында және толық есептеуді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-169-жолмен толықтырылсын:
"21-169. "Ғалам" ЖШС".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-28-жолмен толықтырылсын:
"359-28. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті:
108-15. "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 0,5 %.".
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.