2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету және "2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 665 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін.
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар» деген бөлімде:
      «Білім беру» деген 4-функционалдық топта:
      мына:
«


225



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

276 360





094


«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

276 360



                                                                »
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«


212



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

276 360





246


«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

276 360



                                                                ».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2015 жылғы 27 тамыздағы 
№ 665 қаулысына     
қосымша        

2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+,-)


Әкімші



Бағдарлама

1

2

3




II. Шығындар

0

4



Білім беру

0


212


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

485 040



246

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

276 360



245

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары

208 680


225


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

- 485 040



094

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

- 276 360



035

Білім ұйымдарының күрделі шығыстары

- 208 680